Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты полиция генерал-майоры Берік Біләловке үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сот үкіміне сәйкес, ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте, соттарда, жергілікті басқарушы органдарда, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істей алмайды.

Берік Біләлов қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтейді.

Мұнан бөлек, одан зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорына 58 340 теңге мәжбүрлі түрде өндіріп алынады.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 49-бабы 2-тармағына сәйкес, Президент атына Берік Біләловті ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінен және полиция генерал-майоры жоғары арнаулы шенінен айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді.

Ол биылғы 24 ақпанда күдікті деп танылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!