Құрамында ғарышқа алғаш рет ұшқалы отырған қазақстандық әйел – Данна Қарагұсова бар, Blue Origin NS-36 миссиясының экипажы, АҚШ-тың Техас штатындағы «астронавтар ауылына» келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания «Астронавтар ауылына қош келдіңіздер, NS-36 экипажы!» деген жазумен алғашқы суреттерді жариялады.
Бұл ретте, NS-36 миисиясының эмблемасы да ұсынылды. Ондағы әрбір элемент экипаж мүшелерінің жеке тарихын бейнелейді:
- Қазақстан таулары – Данна Қарагұсова үшін ерекше мәнге ие.
- Ай мен Жер – адамзаттың болашақтағы ғарыштық сапарлары мен коммерциялық мүмкіндіктерін білдіреді.
- Карман сызығынан өтіп бара жатқан экипаж капсуласы – New Shepard зымыранының ұшу бағытын көрсетеді.
- Жұлдызды аспан мен ашық дала – экипаж мүшесі Виталий Островскийдің отаны – Украинаны бейнелейді.
- Якорь (зәкір) – Аарон Ньюманның ғылым мен мұхиттарды қорғауға деген құштарлығын білдіреді.
- «Меркурий» капсуласы – алғашқы америкалық астронавт Алан Шепардқа және ғарышты игеру арманына арналған құрмет белгісі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!