Желіде қызу талқыға түскен актер Берік Айтжанов Түркияның Осман империясы, «Kuruluş Osman» сериялы үшін қанша қаржы алатынын, шақырту қалай түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Massaget.kz сілтеме жасап.
Актер сериалда Моңғол елінің қолбасшысы Найман батырдың ролін ойнады. Жағымсыз кейіпкер Найман әлемдік жұлдыз Бурак Озчивит сомдаған Осман батырдың тікелей бақталасы болады.
Түрік сериялының біздің елден ерекшеленетіні сериялға өте көп қаржы бөлінеді. 1 сериясы біздің толықметрлі киномен пара-пар келеді. Сосын өте жылдам түсіреді. 2 сағаттық сериалды 5-6 күн ішінде түсіріп, жетінші күні эфирге шығаратындай жылдамдықпен жұмыс істейді», – дейді актер.
Айта кетейік, Берік Айтжанов осыған дейін Dеs Tаn атты түрік сериялында Қытай императорының ролінде ойнаған болатын. Сол кезде актер Bozdaq кино продакшнмен келісімшартқа отырады. Биыл да дәл осы ұжыммен бірге жұмыс істеуге шақырылады.
Мысалы, мен осы продакшнға кірдім бе, демек мені алдағы 1 жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етеді. Өйткені сен бір сериасында барсың, бір сериясында жоқ болсаң да сенің апталық қаражатың жүріп отырады. Біздің қазақ киносынан актерге берер гонарары онша көп емес, бірақ дегенмен жоғары. Бұл жақта ақшаны сериалдың санына байланысты алады. Мысалы бізде 1 ай түсіріп, келесі проектті 3-4 ай, тіпті 1 жыл күтуің мүмкін. Ал, бұл жақта бір жобаға кірдің бе, 8-9 ай түсірілім алаңына сенің кейіпкерің шығып кетпейінше түсіп жүресің. Сондықтан әрине қаражат жағынан өте ыңғайлы, жұмыспен толықтай қамтамасыз етеді, – дейді Берік Айтжанов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!