«Қадірлі сырбойылықтар!

Барша мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын, ниеттеріңіз қабыл болсын!

Бұл ай – рухымызды көтеріп, тазалық пен имандылыққа шақыратын кезең.


Алла тағала әрбір шаңырақтың құт-берекесі мен ырзық-несібесін молынан берсін!

Тұтқан оразаларыңызды, еткен ғибадаттарыңызды, тілеген тілектеріңізді қабыл етсін!


Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, іргесі берік болсын!» деп жазды аймақ басшысы фейсбук парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!