Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) Президенті, профессор Дон Хван Кимбастаған делегацияқос дипломды білім беру бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ресми сапармен келді.
Сапар барысында SeoulTech университетініңПрезиденті Дон Хван Ким аймағымыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (NIS), 125 HIGH SCHOOl, Білім-инновация лицейі (BIL) және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің оқушыларымен кездесті.
Жиын барысында профессоржаңа білім беру бағдарламасыжайлы кеңінен түсіндіріп, талапкерлерге оқу бағдарламасының мазмұны, академиялық мүмкіндіктері, шетелде білім алу артықшылықтары мен бейімделу бағдарламалары жөнінде жан-жақты мағлұматтар ұсынды.
Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптарын алып, Оңтүстік Кореяның жоғары білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер туралы ақпараттармен танысты.
Аталған қос дипломды бағдарлама – білім алушылар үшін сапалы білім алумен қатар, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Бұл бастама болашақта қазақстандық және корейлік жоғары білім жүйесі арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, жас мамандардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.
Айта кетсек, 2024 жылдың 12 маусымында SeoulTech университетімен қос дипломды «AI архитектор», «Деректерді басқару» білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау туралы келісімге қол қойылды.Жаңа басталған қос дипломды бағдарламаға қызығушылық танытқан талапкерлер саны күннен күнге артып келеді. Осыған орай, университет кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектеп бітіруші түлектерімен кездесіп, бағдарлама туралы кең көлемде ақпарат тарату жұмыстарын жүргізуде.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!