Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың несиелік мәселелерін шешуге қатысты өз ұсынысын айтатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», – деді мемлекет басшысы Жетісу өңірінің тұрғындарымен өткен кездесуде.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы әділетсіз шешім биліктің беделін түсіретінін атап өтіп, барлық мемлекеттік қызметкерлерді әділ болуға шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!