Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Шымкентке сапары барысында қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы, генерал Қайрат Дәлбековке қатысты сөгіс жариялау туралы бұйрық шығарылғанын хабарлады деді turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Марат Қожаев қалалық полицияның жұмысты ұйымдастыру мен тәртіп жағдайына қатысты жұмысын қатаң сынға алды. Оның айтуынша, қазіргі жағдай шұғыл өзгерістерді қажет ететінін атап өтті.
ПД басшылығын тәртіптік жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлерінің, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы, рота командирі мен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері, Абай ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің жасаған қылмыстары мен құқық бұзушылықтары себеп болды.
Негізгі міндеті кадрлармен жұмыс істеу болып табылатын кадр аппаратына қатысты да қатаң шаралар қабылданатын болады.
«Президенттің Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында полиция қатарында дөрекілікке, парақорлыққа орын жоқ. Бүгінде ішкі істер органдарының адал, әділ, еңбекқор қызметкерлерін қолдаймыз және насихаттаймыз. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және Заң үстемдігі», – деді министрдің орынбасары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!