Шетелде жүрген қазақстандықтар арасында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.
“Шетелде білім алып немесе жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың өзара ақпарат алмасып, бір-біріне көмектесетін Telegram және WhatsApp-чаттарында алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Қаскөйлер өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынған. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз”, – делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Айласын асырған алаяқтар түскен қаражатты алғаннан кейін хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді екен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!