Фото: ТЖМ

 Алматы облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртімен күресіп жатыр. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлады.

Осы уақытта Алматы облысының Балқаш ауданында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. 

Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 53 мәрте 159 тонна су төкті.

Өрттің алдын ала аумағы — 18 га.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

«Қиын батпақты жерлер және бағытын үнемі өзгертіп отырған қатты жел өрт ошақтарын сөндіруге қиындық туғызып жатыр» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!