Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында Илья Ильин өзін Ауыр атлетика федерациясының басшысы қызметіне ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай келеміз. Бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кірген кезде жаттықтырушылармен сөйлескем, біз көптеген мәселені талқыладық. Бір спортшының өз-өзіне қол салғанын да білесіздер. Сол кезде психологтар керек екенін айттым. Өңірлерді аралап, бапкерлермен сөйлесіп, елдегі спорттың деңгейін түсірмеу жолдарын іздеуге тура келді, – деді Ильин.
Ол өзінің командасымен бірге федерация жұмысын қолға луға дайын екенін айтты.
Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке және Асхат Ораловқа өтініш білдіремін, бір шешім қабылдаңыздар. Қолдау білдіріп, нақты тапсырмалар беріңіздер, – деп мәлім етті спортшы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!