Сәрсенбі күні Канаверал мүйісінен Халықаралық ғарыш станциясына SpaceX-тің бесінші экспедициясы ұшырылды.

Экипаж құрамында NASA астронавтары Николь Манн мен Джош Касада, жапондық Коичи Ваката және ресейлік Анна Кикина бар. ХҒС-қа қондыру бейсенбі күні кешке жүргізілуі тиіс. Бесінші экипаж ХҒС-та жарты жыл уақытқа қалады, ал құрамында Чел Линдгрен, Роберт Хайнс, Джессика Уоткинс және итальяндық Саманта Кристофоретти бар төртінші экипаж Жерге оралады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!