Индонезияның астанасы Джакартада Димаш Құдайберген мен Қазақстанның мәдениетіне арналған 10 күндік көрме өтті деп хабарлады turkystan.kz dimashnews сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі мен Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген DIDFC индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды.
Барлық қонақтар үшін Димаштың «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойылымдар дайындады.
Көрмеде Димаштың жанкүйері Тита Джаджосман Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» атты белгілі поэмасын оқып, қонақтарды таң қалдырды.
Сондай-ақ көрменің ашылу күні барлық қонақтар Димаштың «D-Dynasty» концертін тамашалады.
Көрмеде Димаштың фотосуреттері, оның шығармашылығы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстанның суреттері көрсетіліп, кәдесыйлар ұсынылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!