Фото: adyrna.kz

Астанада өрт сөндірушілер ішінде балалары болған көліктегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін, 20 шілле күні Астанада көлік өртенді. Өрт басталған кезде көлікте үш бала болған, оларды жақын маңдағы куәгерлер  алып шыққан.

Құтқарушылар қоңырау түскен сәттен бастап 13 минут ішінде өртті ауыздықтаған.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігі автомобиль көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керектігін атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!