Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болатты қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша тергеудің қалай жүргізілгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Санжар Әділов тергеу органдарының жұмысына қатысты өз пікірін білдірді.
«Сот процесі жүріп жатқанда, мен іс материалдарын жариялап, түсініктеме беруге құқылы емеспін. Бірақ тергеудің сапалы жүргізілгенін, ол прокуратураның қадағалауымен өткенін сенімді түрде айта аламын», — деді Әділов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!