Фото: Anadolu Ajansı

KAZINFORM – Израиль армиясы Газа секторының оккупацияланған аудандарына әуе және артиллериялық соққы жасады. Атап айтқанда, Газа және Рафах қалалары атқылауға ұшырады, деп хабарлайды Анадолы.

Қазіргі уақытта Израиль әскері сектор аумағының 50 пайыздан астамын оккупациялаған.2025 жылғы 10 қазанда, бейсенбі күні Израиль үкіметі атысты тоқтату туралы ұсынысты мақұлдады. Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы соғысты тоқтату жөніндегі бастамасының алғашқы кезеңі аясында атысты тоқтату және израильдік тұтқындарды палестиналық тұтқындарға айырбастау туралы келісімге келді.

9 қазан күні түстен кейін Газада атысты тоқтату режимінің «де-факто» күшіне енгені жарияланды.

Мысырдың Шарм-эш-Шейх курортты қаласында Газадағы атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі құжатқа қол қойылды.

Еске салайық, 2025 жылы Израиль шабуылдары салдарынан Газа экономикасына келтірілген шығын 33 млрд АҚШ долларынан асты. Газа билігінің баспасөз қызметі Израиль шабуылдарының салдары жөніндегі жылдық статистиканы жариялады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!