Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ЭКСПО ғимараттарының шығыны кімнің есебінен жабылатынын айтты, деп жазады KAZINFORM.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап QazExpoCongress ҚР Сауда министрлігінен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына өткен еді.

Бүгін Үкімет отырысында тілшілер Сауда министрі Арман Шаққалиевке «ЭКСПО ғимараттары өзін-өзі ақтап тұр ма, әлде дотацияға тәуелді ма?» деген сұрақ қойды.

— Соңғы екі жыл бойы бұл ғимараттар бюджеттен қосымша бір тиын ақша алған жоқ. Олар өзінің табысымен ғимараттардың барлық шығынын жауып отырды. Нақты айтуымыз керек, біз бұл ғимараттарды еш шығынсыз, жақсы жағдайда тапсырдық. Жөндеу жұмыстары бойынша да еш сұрақ жоқ, — деп жауап берді А. Шаққалиев.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеру болуы мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, «Нұр Әлем» сферасында Әлем АІ Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!