Алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды дайындау жұмыстары ұйымдасқан түрде жүріп жатыр. Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерімен қатарлас режимде тұрақты жұмыс істеуде. Электр станциялары Системалық оператор бекіткен кестеге сәйкес жүктемені көтеріп отыр.

2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 энергия блогында, 16 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңде жүріп жатыр. 1энергия блогы мен 2 қазандықтағы жөндеу аяқталды.

Энергетика министрлігі жөндеу науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!