Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салынатын өңірді айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Егер қуат жағынан тура келсе АЭС-ті Балқаштың немесе Курчатовтың жанында салуды ойлап отырмыз. Балқашта салынатын шығар», – деді Ақшолақов.

Ол бұл аумақтың Кеңес Одағы кезінен бері атом электр станциясының орны ретінде зерттеліп келгенін айтты.

«Осы өңірлерді осы жылдар бойы бақылап отырдық», – деп түйіндеді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!