Эвересті бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева биіктігі 8201 м құрайтын Чо-Ойю шыңына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Чо-Ойю тауы әлемдегі ең биік таулардың қатарында алтыншы орынды иеленеді. Ол Эверест және Пхозе тауларына жақын шығыс Непалдың Кхумбу аумағындағы Тибет шекарасында орналасқан. Шың атауы сөзбе-сөз аударғанда «Көгілдір әйел құдайы» деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұрғындар оны өте қасиетті деп санайды.

Еске салайық, 22 қыркүйекте қазақстандық альпинист Манаслу шыңын (8163 м) бағындырған еді. Бұған дейін Анар Бурашева әлемдегі барлық 14 сегізмыңдықты бағындыруды мақсат етіп отырғанын жеткізген. Бұл межені әзірге әлемде 10-ға жуық әйел ғана орындаған.

«Менің арманым — қазақ қыздарын батыл мақсаттарға ұмтылуға шабыттандыру», — дейді Анар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!