Коллаж: Kazinform / Gov.kz / Canva
KAZINFORM – Отырысты бүгін сағат 14.00-де Jibek Joly телеарнасынан көруге болады.
21 қаңтарда Мемлекет Басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойып, оның құрамына депутаттар корпусы мен өкілді билік органдарының мүшелері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар кірген болатын. Бүгін осы комиссия Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған саяси реформаларды талқылауға арналған бірінші отырысын өткізеді.Мемлекеттік биліктің сәулеті мен қоғамның қатысу тетіктерін, олардың маңызы мен елдің дамуына ықтимал ықпалын қозғайтын ықтимал бағыттар тікелей эфирде талқыланады.Осы отырыстың егжей-тегжейін Kazinform тілшілерінің материалдарынан оқуға болады. Трансляцияның мәтін нұсқасын агенттіктің телеграм-арнасында жарияланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!