ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында өз отставкасы туралы пікір білдірді.

«Елдің бірнеше өңірінде өрт болды. Сізге сол мәселені реттей алмады деген сын көп айтылды. Тіпті Ильин отставкаға кетуі керек деп те жазып жатқандар бар. Бұл туралы өзіңіз не ойлайсыз?» – деп сұрады журналистер министрден.

Юрий Ильин өз лауазымы жайлы шешімді ел басшылығы мен үкімет қабылдайтынын айтты.

«Егер олар менің құзыретім жеткіліксіз деп тапса, менің отставкам туралы шешім қабылданады. Тиісінше, отставкаға кетемін», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!