Жаңа адамдар» жастар қозғалысы әлеуметтік желі арқылы Жеңіс Қасымбекке Байқоңыр ауданы әкімінің үстінен шағымданды. Белсенділер Ерлан Жаулыбаев халықпен жұмыс істеуден қажып кеткен деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астанадағы шағын проблемалардың жиынтықтап, жүйелі түрде шешу үшін түрлі акциялар өткізіп жүрген «Жаңа адамдар» жастар қозғалысыны еблсенділері осыдан бір ай бұрын қала әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездескен болатын.
Сол кезде жаяу жүргіншілерге арналған троуар проблемасын түбегейлі шешу үшін аудан әкімдеріне жастармен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырған.
Тротуар мәселесін біржола шешуге қосымша қаржы бөлуге дайын екенін айтқан қала басшылығы аудан әкімдерін апта сайын қозғалыс белсенділеріне істеліп жатқан жұмыс туралы есеп беруге міндеттеген.
«Біздің белсенділер әкімдерден істеліп жатқан жұмыс туралы ақпарат алуға барын салды. Ақыры «Қала» азаматтық акциясының жетекшісі Арлен Таңатұлы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевпен 12 шілде күні кездесуге шақырту алған. Бірақ кездесу кезінде аудан әкімі белсендіні түрлі органдарға сілтеп, одан түк шықпағасын кабинеттен шығуын талап еткен. Камераның алдында бізбен бұлайша дөрекі сөйлескен Ерлан Жаулыбаевтың қарапайым халықпан қалай сөйлесетінін елестетудің өзі қиын», – дейді қозғалыс белсендісі.
Байқоңыр ауданы әкімінің бұл әрекетіне наразы белсенді әлеуметтік желі арқылы Жеңіс Қасымбекке үндеу тастап отыр.
Бейнеүндеуде ол Астана әкімінен қол астындағы аудан әкімінің әрекетіне назар аударуды сұраған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!