Қазақстанда еңбек шарттары туралы мәліметтерді біріңғай есепке алу жүйесіне дұрыс енгізбеген жұмыс берушілерге айыппұл салу жоспарланып отыр. Тиісті түзетулерді Сенат мақұлдаған, алайда заңға Президент әлі қол қойған жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жаңа нормаларға сәйкес, жұмыс берушілерге мынадай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік қарастырылады:
– еңбек шарттары туралы мәліметтерді жүйеге мүлде енгізбеген немесе кешіктіріп енгізгені үшін;
– ақпаратты толық ұсынбаған жағдайда;
– жалған деректер енгізгені анықталса.
Айыппұл мөлшері бизнес санатына қарай белгіленбек:
– лауазымды тұлғаларға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
– шағын бизнес субъектілеріне – 60 АЕК;
– орта бизнеске – 80 АЕК;
– ірі бизнеске – 150 АЕК.
Егер бұл құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайта тіркелсе, айыппұл көлемі ұлғаяды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес үшін қосымша 20 АЕК, ал ірі бизнеске 50 АЕК қосылады.
Еңбек шарттарын біріңғай есепке алу жүйесінде тіркеу талабы Қазақстанда 2020 жылдан бері қолданыста. Алайда уәкілетті орган жұмыс берушілердің деректерді уақытында енгізбеуі немесе қателік жіберуі жиі кездесетінін мәлімдеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
