фото: t.me/twrussia

Каспий теңізінде аумағы 82 шаршы шақырымдық дақ анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Прозрачный мир» жобасына сілтеме жасап.

Экологтардың мәліметінше, дақ 16 тамызда таңертең Sentinel-1A спутнигінің суреттерінен байқалған. Ластану Құрық порты – Баку бағытындағы кеме жолының бойымен созылып, Қазақстан мен Әзербайжан аумағын қамтыған. Алдын ала болжам бойынша, бұл – май немесе балық аулаудан қалған қалдықтар болуы мүмкін.

Экологтардың пікірі

«Мұндай көлемдегі дақ қорқынышты жағдай: бұл жай ғана кездейсоқ «лас дақ» емес, Каспий картасында тұтас қара дақ пайда болды. Егер мұндай жағдай қайталанса, салдары қиын болады», – дейді мамандар.

Бұған дейін экологтар мамырдан маусымға дейін спутниктер Каспийде шамамен 40 мұнай дағын тіркегенін мәлімдеген. Ал Экология министрлігі кейде спутниктік суреттерде қателік болып, белсенділер мұнай дағын бұлт көлеңкесімен шатастыруы мүмкін екенін айтқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!