Италия мен Иранның ғалымдарынан құралған топ шамамен 1762-1808 жылдар аралығында жасалған кеменің қалдықтарын тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Суға батқан кемені табу теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты мүмкін болды. Ғалымдар кеме қалдықтарын 43 қабат құмның астынан қазып алды. Тың технологияның көмегімен құнды мәліметтер анықталды.
«Сараптама кеменің 1762-1808 жылдар аралығында жасалғанын көрсетті. Су көлігін жасау үшін қолданылған қарағай мен балқарағай Еділ-Каспий аймағында өсуі мүмкін», – дейді ғалымдар.
Археологтардың болжамынша, кеме Ресей империясының сауда флотының құрамында болуы мүмкін. Оған артылған жүктің арасында қарақұмық салынған себеттер болған. Демек, бұл сол кезде сұранысқа ие азық-түліктің түріне жатқаны анық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!