KAZINFORM – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов KCell, Tele2, Beeline операторларының үстінен «сөз байласу» күдігімен тексеру жүріп жатқанын мәлім етті.
Бізде үш ірі ұялы оператор бар екенін білесіздер. Олар: KCell, Tele2, Beeline. Олардың нарықта 30-40 пайыз көлемінде үлесі бар. Былтыр Tele2 шетелдік инвесторларға сатылған болатын. Қазір жаңа ойыншы нарыққа қандай өзгеріс әкелетінін бақылап отырмыз. Бірақ кейінгі бірнеше жылда тұтынушылардан шағым өте көп түсіп жатыр. Нарыққа талдау жасаған кезде тарифтер өсіп келе жатқанын көріп жүрміз. Кейінгі екі жылда байланыс операторларының бәрі тарифті өсірген. Қазір сөз байласу күдігі бойынша тексеру жүргізіп жатырмыз. Олардың бір уақытта тарифті айтарлықтай өсіргенін байқадық. Монополияға қарсы салада мұны сөз байласу деп атайды, – деді агенттік төрағасының орынбасары БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауапта.
Сондай-ақ, ол аталған тексеру жыл аяғына дейін бітеді дегенді айтты.
Қазір бұл тексерулердің аясында сот процестері жүріп жатыр. Тексеру жыл аяғына дейін аяқталу керек. Сот біздің талаптарымызды орынды деп тапса, абоненттерден алынған заңсыз сома операторлардан айыппұл ретінде бюджетке қайтарылады, – деді Болат Сәмбетов. https://kaz.inform.kz/news/kcell-tele2-beeline-kompaniyalarinin-ustnen-tarif-koteru-turali-soz-baylasu-kudgmen-tekseru-zhurp-zhatir-16bfb3/
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!