Фото: Polisia.kz
Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шетелдік азамат мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбанына айналған. Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген. Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстың екі ұйымдастырушысы анықталды.
Олар Павлодар облысының тұрғындары. Сонымен қатар қылмыстық схеманың тағы төрт ықтимал қатысушысы белгілі болды. Ұсталғандар Павлодар қаласында өткен «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қолға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тінту барысында ұялы телефондар мен қаражаттың бір бөлігі тәркіленді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!