SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, апта басынан бері кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы Талғар қаласындағы қайғылы оқиғаны талқылауға байланысты әлеуметтік желілерде боттардың көбейгенін байқаған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

TSARKA Telegram-арнасының дерегінше, Талғарда орын алып, бүкіл Қазақстан көлемінде талқыға түскен оқиғаны белгісіз біреу өзінің жеке мүддесі үшін пайдаланбақ болған.

Желіде Алматыда және басқа қалаларда өткен митингілер туралы қаңтар оқиғасының ескі видеоларынан жинақталған фейктер пайда болды.

Мұндай ақпараттар TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінде көп байқалады. Мысалы: TikTok-тағы бұл бейне жаңа аккаунт ашылғаннан кейін жарияланған. Видео 3 күн ішінде шамамен 850 мың қаралым жинаған. Онда болмаған митингілердің видеосын таратқан. 

Жаңа ашылған аккаунттар мен пікірлерді талдау (барлығы 50 000-нан астам) нәтижесінде боттардың белсенді жұмыс істеп жатқаны байқалған. 

Желіде тарап жатқан ақпаратқа сыни көзқараспен қарауды және оның таралу көзін екі рет тексеруді ұсынамыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!