Фото: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың интернетті игеру деңгейі туралы статистиканы жариялады. Соның ішінде интернетті тұтыну каналы ретінде қалай қолданып жүргені туралы мәлімет те бар, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Статистикаға сенсек, Қазақстанда интернет арқылы тауар мен қызмет сатып алатындардың үлесі 32,1%-ға жеткен. Дөңгелектеп айтсақ, елдегі әрбір үшінші тұрғын онлайн сауда жасап жүр.

Ал ең сұранысқа ие тауарлар қатарында киім, азық-түлік және косметика бар.

Қазақстандықтар интернет арқылы ең көп сатып алатын тауардың 71,3%-ы – киім, аяқ киім және спорт тауарлары. Одан кейін азық-түлік (45,2%), косметика (33,2%) және үй шаруашылығына арналған тауарлар (33,2%) тұр. Дәрі-дәрмекке сұраныс та жоғары – 31,9%.Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысы бірінші орында тұр (61,7%). Қарағанды облысы (49,9%) мен Алматы (46%), Астана (43,4%) қалаларының тұрғындары да белсенді. Ал Түркістан (11,1%), Жетісу (12%) және Жамбыл (14%) облыстарының халқы интернет саудаға әлі де жаппай машықтана қоймаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!