Ішкі істер министрлігі өкілі көліктерін заңдастырмаған жүргізушілер не істеуі керек деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер көліктерін заңдастырмаған жүргізушілер жағдайы не болатынын сұрады.

«Заңдастырудан өтпеген көлікті елден алып кетулері керек немесе бөлшектеп сатулары керек, басқа жол көріп тұрған жоқпын», – деп түсіндірді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Өз кезегінде Тіркеу жұмыстары және цифрландыру басқармасының басшысы Әлібек Кеңесбаев «заңдастыру аяқталғаннан кейін заңбұзушыларға әкімшілік шара қолданылатынын» айтты.

Спикерлердің айтуынша, қаулы жобасы бойынша автокөлікті заңдастыру мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!