Дәстүрлі садақ ату федерациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға сый-сияпат табыстады. Бұл туралы Ұлттық ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлады Қазақпарат.

Фото: instagram.com/ulttyqatsport.kz

Федерация алтын медаль иегері Жәнібек Құлмырзаевқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер, күміс медаль иегері Ербол Тапеновке су жаңа автокөлік кілті, ал қола медаль үшін Қанат Қасымханға 500 000 теңгенің сертификаты, команданың аға жаттықтырушы Диас Берікұлына 1 000 000 тг сертификаты табыстады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ атудан Пута нысанасын көздеу бойынша жарыста Қазақстан спортшылары бір алтын, екі қола медалін жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Садақ атудан Ербол Тәпенов пен Қасымхан Қанат күміс және қола медаль алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!