Астаналық бойжеткен желідегі таныстықтан кейін спайкингтің құрбаны болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияға арыз жазған қыз сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтыпты.
“Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған”, – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
“Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз”, – деп ескертті полиция өкілдері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!