Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің жалақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат бұл мәселені Үкімет басшысына жолдаған сауалында көтерді.

Техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін ұлғайту қажет. Оқу шеберханаларын заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықтау өзекті, – деп айтты депутат.

Оның сөзінше, жұмысшы мамандықтарын даярлауға зор үлес қосып жүрген өндіріс шеберлерінің айлық жалақысын өсіру қажет.

Колледждерде жалпы білім беретін пәндердің педагогтерінің жалақысын мектептегі педагогтердің жалақысымен теңестіру өзекті. Сонымен қатар, колледждерде еңбек ететін педагогтарға магистр, PhD ғылыми атақтары үшін үстеме ақы қарастыру қажет, – деп ұсынды Сүлейменова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!