Фото: Ақорда
KAZINFORM — Волонтерлікті ынталандыру нормасын енгізу керек. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Вера Ким мәлім етті.
– Президент волонтерлер еліміздің әлеуметтік тұрақтылығының маңызды тірегі екенін бірнеше рет атап өтті. Конституцияның жаңа жобасына ұсыныстарды қабылдау жарияланғаннан бері волонтерлік ұйымдар мен волонтерлердің өздерінен өтініштер келіп жатыр. Осы орайда 31-баптың 2-тармағына «волонтерлік» сөзін енгізу ұсынысы болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылық жасауды қолдаумен қатар, волонтерлікті де ынталандыруды бекітуді ұсынамыз, – деді Вера Ким.
Осы орайда ол волонтерлердің қызметі өте маңызды екенін, олар төтенше жағдайларда, ауруханаларда, әлеуметтік салада көмектесетінін еске салды.
– Мен бұл бастаманы бүкіл еріктілер қозғалысының атынан көтеріп отырмын. Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, бүгінде әрбір сегізінші адамда волонтерлік тәжірибе бар, – деді депутат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!