Фото: Конституциялық Сот

KAZINFORM — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!