Фото: cian.ru

Ақтауда гипермаркетке 6 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada-ға сілтеп. 

«Санитарлық эпидемиологтың айтуынша, гипермаркет басшылығына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, яғни халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына зиян келтіру, сондай-ақ адам денсаулығына кері әсерін тигізбейтін гигиеналық нормативтерді және техникалық регламенттерді бұзғаны үшін) айыппұл салынады», – деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлан Шырақбаев.

Желіде тұрғындардың бірінің видеосы тарап кетті. Ол тоңазытқыштан шыққан тарақандарды түсіріп алып, онда кесектер мен котлеттер, жәндіктердің дернәсілдері мен олардың нәжістері қоса сатылып жатқанын айтады.

Шырақбаев ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 АЕК (Т5 907 200) көлемінде айыппұл салынатынын түсіндірді. Айыппұл жеті күн ішінде төленсе, онда ол осы соманың 50% құрайды, яғни 2 953 600 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!