Sputnik. Ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттік пен Ұлттық банк келесі жылдың 1 шілдесіне дейін кредит мөлшерлемесін есептеудің жаңа әдістемесін енгізуге мүдделі.

«Жаңа әдістеме бойынша ипотеканың мөлшерлемесі алғашқы жарнаның көлеміне байланысты болады және сараланған мөлшерлеменің көлемі бекітіледі. Тұтынушылық кредиттер бойынша дәл сондай әдіс қолданылады», – деді Әбілқасымова мәжілістің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде тұтынушылық кредиттердің орташа мөлшерлемесі 35-36 процентті құрайды.

«Біздің ойымызша жаңа әдістеме мен бәсекелестіктің есебінен мөлшерлеме төмендеуге тиіс», – деп атап өтті агенттік басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!