Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдумен келісімшартты бұзылды. Бұл туралы команда сайтындағы ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тараптар өзара осындай келісімге келген.

«Манчестер Юнайтед» португалиялық ойыншыға команданың дамуына қосқан үлкен үлесі үшін алғысын білдірген. Клубқа екі рет келіп, осымен екі рет кеткен Криштиану 346 матчта 145 гол соқты.

Сонымен қатар клуб бас бапкер, нидерландылық маман Эрик тен Хагқа сенім білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарын жалғастыратынын жеткізген.

Бұдан бұрын К.Роналду ұлыбританиялық журналист Пирс Морганға сұхбат беріп, Эрик тен Хагты құрметтемейтінін айтқан болатын.

К.Роналдудың өзі «Манчестер Юнайтед» пен оның жанкүйерлерін жақсы көретінін, клубқа тек жақсылық тілейтінін білдірді.

Роналду ағылшындық командаға 2021 жылдың жазында оралған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан биылғы «Алтын доп» иегерінің әлем чемпионатынан тыс қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионатының фавориттерін атады.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңілді.

Дания мен Тунис құрамалары тең тарқасты.

Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!