Қазақстанда «күйзеліс» диагнозы қойылған жағдайда  уақытша демалысқа шығуға болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі депрессияға түскен адамның уақытша еңбек демалысына шыға алатынын айтқан. Бірақ диагноз психиатр дәрігердің тексерісінен кейін ғана қойылады.

«Алғашқы белгілерді жалпы тәжірибе дәрігері немесе психолог анықтай алады, алайда түпкілікті диагноз қою, ем тағайындау және науқасты бақылау психиатрдың құзыретінде», — делінген министрліктің жауабында.

Ведомствоның мәліметінше, дәрігер науқастың жағдайы уақытша еңбекке жарамсыз деп тапқан жағдайда ғана ауру парағы беріледі.

«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы депрессияның жеңіл түрі кезінде ашылуы мүмкін», — деп нақтылады министрлік.

Ал аурудың орташа және ауыр түрлері кезінде, әдетте, науқасқа стационарлық ем қабылдау ұсынылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!