Осылайша, Өзбекстан елі аумағында «Формула-1» жарысының кейбір кезеңдерін ұйымдастыруға жанталасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Журналистің сөзінше, Өзбекстан өкілі Сингапурдегі Гран-приге қатысып, жарыс барысында Ташкентте және елдің өзге де ірі қалаларында «Формула-1» турнирін өткізу мүмкіндігін талқылаған. 

Сейвард блогында Формула-1 жарысын ұйымдастыруға қызығушылық танытып жүрген өзге елдердің де атын атайды. Десе де, бұл тек бейресми кездесулер саналады, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. 

– Сайыс Таиланд, Оңтүстік Корея және Өзбекстанда өтуі ықтимал. Бұл осы елдерде көлік спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, – деді журналист.

Жоғарыда жазғанымыздай, қазір Ташкентте халықаралық автоспорт инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланып жатыр, бірақ келісім ресми бекітілмеді. 

Биыл қыркүйекте «Формула-1» Гран-приі Әзербайжанда өткен еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!