SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қорғаныс министрлігі 2025 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны басталғанын хабарлады. 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін 18 бен 27 жас аралығындағы шамамен 22 мың жігіт әскерге шақырылады.

Әскерге алынғандар Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады.

«Әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімімен 195 әскерге шақыру комиссиясы құрылды. Оларды облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ аудандардың әкімдерінің орынбасарлары басқарады», – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полковник Фархат Айдарбаев.

Оның айтуынша, шақырылушыларға SMS-хабарламалар жіберіледі және eGov порталындағы жеке кабинеттеріне ақпарат түседі. Ал тұрғылықты мекенжайын ауыстырған азаматтар автоматты түрде жаңа жері бойынша әскери есепке алынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!