Қытайлық Pop Mart компаниясының таза пайдасы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,5 есеге өсті. Бұл туралы компанияның ресми мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Компанияның айтуынша, мұндай өсім бренд өнімдерінің шетел нарығындағы жоғары сұранысына, сондай-ақ шығындарды оңтайландыру мен басқару тиімділігінің артуына байланысты. Сонымен қатар, тұтынушылар арасында Лабубу секілді ойыншықтардың кең танылуы да табысты арттырған.

Алдын ала есепке сәйкес, таза пайда 350%-дан, ал кіріс 200%-дан астам өскен. Нарықтағы сенімділіктің артуы нәтижесінде Pop Mart акциялары жеті есеге жуық қымбаттап, компанияның нарықтық капитализациясы 40 миллиард долларға жетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!