Латын әліпбиі — біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында латын тілінде пайда болған грек алфавитінен тараған әліпби. және кейіннен бүкіл әлемге тарады.
Латын әліпбиі әлемдегі ең кең таралған әліпби болып табылады, өйткені оны әлем халқының 4 миллиардтан астамы пайдаланады. Қазіргі әлемде латын тілі прогреспен және жаңа технологиялармен байланысты, өйткені латын тілі – интернет тілі. Мемлекеттік тілді латын қарпінде оқу арқылы қазір әлем жұртшылығы сөйлеп, жазып жүрген ағылшын тілін үйрену оңайға түспек.
Латын әліпбиі рухани жаңғыру мен ұлттық бірегейлікті нығайтудың ең қуатты факторына айналуға шақырылады. Қазақ жазуының жаңа әліпбиге көшуі – тағдырлы шешім, кезек күттірмейтін қажеттілік. Латын әліпбиін енгізудің басты себебі – қазақ фонетикасының, фонологиясының, орфографиясының қайта жандануы. Сондай-ақ көшу Батыс әлемінде кеңірек таралып, қазақ тілін басқа тілдік топтарға жататын тілдерде сөйлейтіндерге түсінікті және таныс етуге көмектеседі. Бұл құбылыс Қазақстанның әлемдік аренадағы мәдени беделінің дамуына ықпал етеді. Бұл қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тілге, яғни еліміздегі барлық жерде қолданылып жүрген және үстем тілге ғана емес, халықаралық қатынас тіліне айналдыру жолындағы маңызды қадам. Ал бұл қазақ тілінің әлемдік инновацияларды генерациялау құралы ғана емес, жаһандық құндылықтарды танудың тасымалдаушысы болуына мүмкіндік береді. Латын әліпбиі жаңа технологияға бейімделгендіктен, жаңа әліпби қазақ тілінің технологиялық және техникалық аспектілері жағынан дамуына септігін тигізеді. Осылайша, қазақ тілінің латын графикасына көшуі негізінен қазақстандықтардың санасын жаңғыртуға және қоғамның коммуникативтік көкжиегін кеңейтуге бағытталған прогрессивті қадам ретінде қабылданады.
Д.Бадракова,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!