Фото: depositphotos.com
ТЖМ лифтке қатысты ережелерді еске салды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысы Рудныйда лифт ішінде 2012 және 2016 жылы туған балалар қалып қойған. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары келді.
Аспалы құралдардың көмегімен құтқарушылар лифт есігін ашып, балаларды құтқарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:
алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
диспетчерге хабарласыңыз;
барлық түймені қатарынан баспаңыз;
лифт есігін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!