Жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы бүгін, 18 тамызда «City Transportation Systems» компаниясы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бұл – елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі. Барлығы №101–118 станция аралығында және олардыңаралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселді. Қазіргі уақытта рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталады»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!