SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «LRT ісі» бойынша халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы басшы Талғат Ардан Түркияның Анталья курортында қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеді.
Ол ұзақ уақыт бойы тергеуден бой тасалап жүрген. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.
Бұған дейін Астана қаласының соты Т.Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!