«Бриз-М» үдеткіш блогы және «Луч-5Х» спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасымалдағышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Бүгін Мәскеу уақытымен 2:13-те «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-ші алаңынан «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасымалдағышы мен «Луч-5Х» ғарыш аппараты ұшырылды», – деп хабарлады Роскосмос.
Мемлекеттік корпорацияның хабарлауынша, зымыран штаттық режимде жұмыс істеді. Үдеткіш қондырғы «Протон-М» үшінші сатысынан бөлініп, қазіргі уақытта спутникті берілген орбитаға шығаруда.
Бұл ресейлік зымыран тасымалдағыштардың биылғы төртінші ұшырылымы болды. «Протон-М» үшін бұл 115-ші рейс, «Бриз-М» үшін 107-ші рейс. Зымыран да, үдеткіш блок та М.В.Хруничев атындағы орталықта жасалған (Роскосмосқа кіреді).
Көпфункционалды «Луч» ғарыштық жүйесі 2016 жылдың ақпанында тәжірибелік пайдалануға қабылданды. Жүйе Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегменті мен миссияны Басқару орталығы арасында мәліметтер алмасуды қамтамасыз етеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!