Әйеліне мәһрге сұраған затын 12 жылдан кейін берген ер адамның әрекеті жұрт назарына түсті. Тіпті оның бұл сыйлығын қызу талқылауда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода ер адамның қолына кішкентай затты ашып жатқанын байқайсыз. Кейін жанында тұрған әйеліне сыйға тартады.
«Мәһрге сұраған сырғасын 12 жылдан кейін алып берді», – деп жазылған бейнежазбаға.
Ер адамның бұл әрекетін жұрт қызу талқылауда. Бірі жақсы тілектерін жазса, енді өзгелері 20 жыл болса да сыйымызда әлі алмадық деген өкініш білдерген.
«Алмағандар біз біргеміз. Жұғысты болсын». «18 жыл болды әлі алып берген жоқ». «Бізге 31 жыл болды. Өзі аман, бала шаға, немерелерім аман болсын, сол мәхір маған». «Мен тіпті не сұрағанымды ұмытып қалыппын», – деген жазбаларын жарыса жазуда желідегі жұрт.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!