Сотталған бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйінен люкс қаламдар, қылыштар мен қанжарлар сатылымға шығарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген 11 затты сатуға шығарды.
Олардың арасында коллекциялық қаламдар, тиындар, қылыштар, қанжарлар, балталар, белбеу бар. Активтердің жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асады. Аукцион 7 қазанда сағат 12.00-де өтеді.
Аукционға екі қалам шығарылды:
- Montegrappa Italia деген жазуы бар қалам 925-күмістен жасалған. Оның бастапқы бағасы – 440 мың теңге.
- Құран сүрелерімен безендірілген Visconti Firenze қаламы. Құны 402 мың теңгеден басталады.
e-qazyna.kz
Тізімде кәдесый ретіндегі монеталар да бар:
- «Алтын адам» (500 теңге, 2011 жыл) 155 мың теңгеден басталады;
- «Алма отаны», «Астана», «Бәйтерек», «Қазақстан картасы» 199 мың теңгеден басталады;
- «Шығыс күнтізбесі» және «Қазақстан фаунасы» монеталары 107 мың теңгеден басталады;
- Екі коллекциялық монета (2003 жыл) – 82 999 теңге.
e-qazyna.kz
Сонымен қатар, 183 750 теңгеге бағаланған былғары белдік сатылымға қойылды.
e-qazyna.kz
Қылыштар ерекше қызығушылық тудырады, бірінің бағасы 930 мың теңгеден, енді бірінің бағасы 837 мың теңгеден басталады.
e-auction.e-qazyna.kz
Ең төменгі баға «Айбалта» балталарына қойылған, 38 400 теңгеге бағаланған.
e-qazyna.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!