Magnum, Small және Toimart сауда желілері Алматыда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын жыл соңына дейін күрт көтермеуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, супермаркеттер сауда үстемесін 15%-дан аспайтын деңгейде ұстайтын болады.

«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу және белгіленген сауда үстемесін сақтау мақсатында Алматы қаласы әкімдігі Magnum, Small және Toimart ірі сауда желілерімен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды», – деп хабарлады әкімдіктен.

Сонымен қатар, әкімдік отандық өндірушілерден тікелей жеткізілімдерді ұйымдастыруға келісті. Енді алматылықтар «Алатау-Кұс», «Отан Грин Фуд» және «Наурыз Агро» компанияларының құс етін, «Сары-Бұлақ» фабрикасының бірінші санатты жұмыртқасын, «Асыл Дән» компаниясының күрішін және «КаистИнвест» зауытының қантын арзан бағамен сатып ала алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!